Accessibility links

Египет жаңа конституциясын референдумға салады



«Египетте желтоқсанның он бесіне жаңа конституция жобасы жалпыхалықтық рефрендумға шығарылады» деп хабарлады Египет президенті Мұхаммед Мурси.

Арнаулы конституциялық ассамблея төрағасы Хусам әл-Гарянидің айтуына қарағанда, 1971 жылғы конституцияны негізінде жасалған жаңа конституция бұрынғы конституциялық декларациялардың барлығының күшін жояды. Жаңа конституциядағы 234 баптың әрқайсысы жеке-жеке дауыс беру арқылы қабылданған.

«Бұрын Египеттің бірде-бір конситуциясында көрсетілмеген құқықтар мен бостандықтарды беретін жаңа конституцияны қолдауға шақырамыз» деп мәлімдеді әл-Гаряни.

Бұл мәлімдеме жасалған кезде Каир университетінде президентті қолдаушы жүздеген мың студент жиналып, жаңа конституциямен қатар шариат шормаларын да енгізуді сұрады. Олар өздерінің 15 миллионнан аса жақтаушылар бар екенін, бірақ араб телеарналары бір миллионнан сәл-ақ асады деген хабар таратып отырғанын айтады.

Ал олардан бірнеше шақырым жерде зайырлы қоғамды жақтаушы партиялар мен қозғалыстардың жиыны өтті. Олар өздері талқылауға қатыстырылмаған жаңа конституцияға үзілді-кесілді қарсылықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG