Accessibility links

Египетте үш шеруші қаза тапты


Президент Мұхаммед Мурсиге қарсы наразылық танытушылар. Каир, 4 желтоқсан 2012 жыл.
Президент Мұхаммед Мурсиге қарсы наразылық танытушылар. Каир, 4 желтоқсан 2012 жыл.
Каирде сәрсенбіде Египет президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс болып, үш адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, президент сарайы маңында болған қақтығыста 350 адам жараланған. Қақтығысқан тараптар бір-біріне жанғыш сұйықтығы бар шөлмектер лақтырған.

Шерушілер Мурсидің құзыретін күшейткеніне және ислам қағидаларының негізінде жасалған жаңа конституция жобасының мақұлданып кеткеніне наразылық білдіріп жатыр.

Конституция жобасын басым көпшілігі исламшылдардан тұратын Египет ассамблеясы дайындаған еді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сәрсенбіде "барлық азаматтардың құқықтарын бірдей құрметтейтін жаңа конституция жобасы дайындалуы тиіс" деген.

Президент Мұхаммед Мурсиге қарсы наразылықтар басталғалы бері қақтығыстардан осымен бес адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG