Accessibility links

CPJ: Әлемде түрмеде отырған журналист көбейді


Committee to Protect Journalists ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Committee to Protect Journalists ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
"Әлемде түрмеде отырған журналистер саны биыл рекордтық деңгейге жетті" деп мәлімдеді халықаралық Committee to Protect Journalists (Журналистерді қорғау комитеті) ұйымы сейсенбіде жариялаған есебінде.

"2012 жылы түрмеде отырған журналистер саны 1990 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Өзін сынайтындардың "үнін өшіру" үшін мемлекет журналистерге байланысты "терроризм" және "мемлекетке қарсы әрекет етті" деген сияқты айыптарды қолданады" делінген ұйым есебінде. Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, 2012 жылдың 1 желтоқсанында түрмеде отырған журналистер - 232 адам. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 53 адамға көп.

Журналистер ең көп сотталып, түрмеге түскен он елдің қатарында Түркия, Иран, Қытай, Эритрея, Сирия, Вьетнам, Әзербайжан, Эфиопия, Өзбекстан және Сауд Арабиясы бар.

Ұйым есебінде кейбір елдердің журналистерді қудалау үшін "есірткі сақтады" және "бұзақылық жасады" деген айыптарды да қолданатыны айтылған.
XS
SM
MD
LG