Accessibility links

Құқық қорғаушылар Курамшиннің үкімін жоюға шақырды


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.
Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.
Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы азаматтық белсенді Вадим Курамшиннің 12 жылға сотталуының саяси астары бар деп, Қазақстан билігін үкімді жоюға шақырды. Бұл туралы ұйым бүгін веб-сайтында жариялаған мәлімдемесінде хабарлады.

7 желтоқсанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық соты Курамшинді 12 жылға соттаған еді. Одан бұрын, 28 тамызда Тараз қалалық соты Курамшинді "өктемдік көрсетті" деп айыптап, бір жыл бас бостандығын шектеу жазасымен босатқан еді.

Ал 31 қазанда Жамбыл облыстық апелляциялық соты тамызда шыққан шешімнің күшін жойып, оны қайта қамауға алуға рұқсат берген.

Бюро соңғы үкім шыққан сот отырысына адвокаттардың, Вадим Курамшиннің өзі мен басты куәгердің қатыспағанын айтады. Бұдан өзге, судья Курамшиннің адвокаттарының барлық өтінішін кері қайтарған.
XS
SM
MD
LG