Дамаскіде Сирия ішкі істер министрлігінің ғимаратында үш жарылыс болды. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, "Жарылыстардың бірі ғимарат алдында тұрған көлікте болған. Жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар бар, бірақ нақты саны әзірге белгісіз".
Мемлекеттік SANA агенттігі "жарылыстарды террористер жасауы мүмкін" деп хабарлады. Агенттік дерегіне қарағанда, Сирия үкіметі Ливанның бұрынғы премьер-министрі Саад Харириді тұтқындауға ордер берген. Дамаск Харири мен тағы екі адамнан Сирия үкіметі "террористерді қаржыландырып, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр" деп күдіктенеді.
Харириді тұтқындау туралы ордер Интерполға тапсырылған.