Accessibility links

Ресейде патриарх мүфтилермен кездесті


Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл.12 қараша 2012 жыл.
Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл.12 қараша 2012 жыл.
Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл бейсенбіде Солтүстік Кавказ федералдық округына кіретін аймақтардың мүфтилерімен кездесті.

Кездесу Кремль қолдап отырған негізгі екі дінді жақындастыруға бағытталған бағдарлама аясында өтті. Кездесуде патриарх Солтүстік Кавказдағы терроризмге қарсылығын білдіріп, "адамдардың діни сезімі мен моральді қорғау қажеттігін" айтты. Солтүстік Кавказдағы террористік актілерден көп жағдайда ислам діни жетекшілері мен имамдар қаза тауып жатады.

Патриарх Кирилл "Кез-келген мүфти мен имамның қазасын біз (православиелік христиандар) өзіміздің жеке қайғымыз ретінде қабылдаймыз" деді.

Солтүстік Кавказ мұсылмандарын үйлестіру орталығының төрағасы Ислам Бердиев дінді "халық үшін маңызы зор дүние" деп, ал экстремистерді "құдайсыз советтік жүйенің кері салдары" деп атады.
XS
SM
MD
LG