Accessibility links

Рафсанджанидың ұлы түрмеден кепілге шықты


Мехди Хашеми Рафсанджани (оң жақта) қамауда жатқанда ауруханаға түсті. Иран, 2012 жылдың қарашасы.
Мехди Хашеми Рафсанджани (оң жақта) қамауда жатқанда ауруханаға түсті. Иран, 2012 жылдың қарашасы.
Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанджанидың ұлы Мехди Хашеми кепіл төлеп, екі айдай отырған түрмеден шықты. Иран прокуратурасы оған байланысты тергеуін аяқтағаны хабарланды.

Ұлыбританияда үш жыл тұрған Мехди Хашеми биыл қыркүйекте Тегеранға ұшып барған кезде тұтқындалып, "2009 жылғы Иран президенті сайлауы кезінде тәртіпсіздік пен арандатуға шақырды" деген айыппен қамалған еді.

Бұрынғы президенттің қызы Файзе Хашеми де үкіметке қарсы үгіт айтты деген айыппен қамалып, алты айлық жазасын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG