Accessibility links

Египет жаңа конституциясын референдумға салды


Сайлау учаскесі. Египет, 22 желтоқсан 2012 жыл
Сайлау учаскесі. Египет, 22 желтоқсан 2012 жыл

«Референдумға қатысқан египеттіктердің 60 пайыздан астамы жаңа конституцияны қолдады, 36 пайыздан астамы қарсы дауыс берді» деп хабарлайды Риа-Новости ақпарат агенттігі референдумның алдын-ала жасалған нәтижелеріне сүйене отырып.

15 желтоқсанда және кеше 22 желтоқсанда, екі сатыда өткен референдумға Египеттің 51 миллионнан астам азаматы қатысқан. Референдумның ресми қорытындысын ертең, дүйсенбіде Египеттің Жоғары сайлау комиссиясы жариялайды.

Референдум қорытындысы бойынша жаңа конституция қабылданар болса, онда алдағы айлардың бірінде парламент сайлауы өткізіліп, мемлекеттің төңкерістен кейінгі жаңа басқару құрылымдары айқындалады.
XS
SM
MD
LG