Accessibility links

Атырауда көп пәтерлі үй тұрғындарын көшіріп жатыр


Атыраудағы көп қабатты ғимарат. (Көрнекі сурет).
Атыраудағы көп қабатты ғимарат. (Көрнекі сурет).
Атырауда едені түсіп кеткен көп пәтерлі үйлердің бірінен 90 пәтердің тұрғындарын басқа жаққа көшіріп жатыр деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

1990 жылдары салынған жатахқана типтес үйдің едені бүгін, 24 желтоқсанда таңертең түсіп кеткен. Ешкім зардап шекпеген.

Департаменттің ақпаратына қарағанда, бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде едендегі жарықшақ 22 желтоқсанда байқалған. Сол күні үш отбасы басқа жаққа көшірілген.

Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау мекемесінің мамандарының қорытындысына қарағанда, жарықшақ "пәтерлерді заңсыз кеңейтіп алу әрекетінің салдарынан астыңғы қабатқа ауыр салмақ түсуінен" пайда болған.
XS
SM
MD
LG