Accessibility links

Католиктер мен протестанттардың Рождествосы басталды


Рим папасы XVI Бенедикт. Ватикан, 12 желтоқсан 2012 жыл.
Рим папасы XVI Бенедикт. Ватикан, 12 желтоқсан 2012 жыл.
25 желтоқсанға қараған түні католиктер мен протестанттар діни мейрам - Рождествоны атап өтеді.

Мыңдаған христиандар бұл түні Иса (Иисус Христос) пайғамбар туған деп саналатын Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Вифлеемге (Иерусалимнен 8 километр), Мангер алаңына жиналды. Христиандар бұл мерекеде бір-біріне сыйлық беріп, жақсы тілек айтады.

Ватикандағы Әулие Петр соборында Рим папасы XVI Бенедикт Рождествоға арналған жолдауын оқып, бейбітшілікке шақырды.

Христиандар Исаны құтқарушы деп түсінеді, ал мұсылмандар оны пайғамбар деп санайды.
XS
SM
MD
LG