Accessibility links

Чавестің денсаулығы жайлы хабар тарады


Венесуэла президенті Уго Чавес. Каракас, 8 желтоқсан 2012 жыл.
Венесуэла президенті Уго Чавес. Каракас, 8 желтоқсан 2012 жыл.
Венесуэла вице-президенті Николас Мадуро "ел президенті Уго Чавестің денсаулығы мүшкіл, ол жасанды жолмен тірі жатыр" деген ақпаратты теріске шығарды.

Мадуро Чавестің денсаулығы жайлы егжей-тегжейлі мәлімет айтқан жоқ, тек "Чавестің денсаулығы жайлы қауесет таратып жүрген қарсыластарын" айыптады.

Уго Чавес 2012 жылы 11 желтоқсанда Кубада операция жасатқан еді. Бұл - Венесуэла президентінің соңғы бір жарым жылдағы қатерлі ісікке байланысты жасатқан төртінші операциясы.

Жуықта 55 пайыз дауыс жинап, қайтадан Венесуэла президенті болып сайланған Уго Чавестің инаугурациясы 10 қаңтарда өтуі керек. Оның науқастығына байланысты бұл шараны кідірту жайлы да айтылған.

58 жасқа келген Уго Чавес Венесуэла президенті қызметіне алғаш рет 1999 жылы сайланған еді. Содан бері ол билік басында отыр.
XS
SM
MD
LG