Accessibility links

Обама Пентагон мен ЦРУ-ға жаңа басшы ұсынды


Барак Обама (ортада) Чак Хейгл (сол жақта) мен Джон Бреннанды таныстырып тұр. Вашингтон, 7 қаңтар 2013 жыл.
Барак Обама (ортада) Чак Хейгл (сол жақта) мен Джон Бреннанды таныстырып тұр. Вашингтон, 7 қаңтар 2013 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Чак Хейглді қорғаныс министрі қызметіне, ал өзінің терроризмге қарсы күрес жөніндегі кеңесшісі Джон Бреннанды Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры қызметіне ұсынды. Енді олардың кандидатурасын АҚШ сенаты мақұлдауы керек.

Чак Хейгл - Въетнам соғысының бұрынғы ардагері, Израильдің Иранға қарсы әскери соққы беру туралы қоқан-лоқысын сынап жүрген адам. Ол "АҚШ-та еврей лоббиі бар" деп, Израильді жақтаушылардың шамына да тиген. Хейгл Ауғанстанның болашағы туралы келіссөздерге Иранды да қатыстыруды қолдайды.

Сарапшылардың пікірінше, Хейгл Ауғанстандағы АҚШ әскерін жедел шығаруды да көздейді.

Республикашыл сенатор Джон Корнин Хейглдің қорғаныс министрі қызметіне ұсынылуы "АҚШ-тың өз одақтасы Израиль мен Таяу Шығыстағы басқа да серіктес елдерге деген теріс көзқарасын білдіреді" деді.

Джон Бреннан ЦРУ-да бұған дейін 25 жыл әртүрлі қызметтер атқарған. ЦРУ-дың Сауд Арабиясындағы резидентурасын басқарды. Барак Обама Бреннанның терроризмге қарсы күрес жұмыстарын басқарғанын, оның әсіресе 2011 жылы "Әл-Қаиданың" бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладеннің көзін жою операциясында маңызды роль атқарғанын айтты.
XS
SM
MD
LG