Accessibility links

Сох анклавы маңындағы шекара жабылды


Қырғызстандағы өзбектер тұратын Сох анклавының картасы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы өзбектер тұратын Сох анклавының картасы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Сох анклавындағы жанжалдан соң Баткен облысындағы қырғыз-өзбек шекарасындағы шекара бекеттері жабылды.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, үш өткізу бекеті мен екі тексеру бекеті жабылған.

Қырғызстан шекара қызметі шекара бекеттері аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін жабылғанын хабарлап отыр.

Қырғыз шекарашылары мен Сох анклавы тұрғындары арасындағы жанжал 5 қаңтарда басталған еді. Бұл туралы Азаттықтың мына мақаласынан оқуға болады.
XS
SM
MD
LG