Accessibility links

Пәкістанда жарылыстардан 101 адам мерт болды


Кветтада жарылыс болған жер. Пәкістан, 10 қаңтар 2013 жыл.
Кветтада жарылыс болған жер. Пәкістан, 10 қаңтар 2013 жыл.
Пәкістанның екі қаласында болған үш жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты.

Азаттық радиосы Пәкістан қызметінің хабарлауынша, бейсенбіде Белуджистан провинциясының орталығы Кветта қаласында бильярд клубы маңында жарылыс болып, 69 адам қаза тапқан, 100-ден астам адам жараланған.

Сол күні Кветтаның халық көп жиналатын ауданында тағы бір жарылыс болып, 11 адам қаза тапты. 30-дан астам адам жараланған. Полиция ақпаратына қарағанда, бомба әскери көліктің астына жасырылған.

Ал Мингора қаласына жақын маңдағы Суат қыратында жұрттың діни құлшылық атқаратын жерінде жарылыс болып, 21 адам қаза тапты. 80-нен аса адам жараланған.

Кветтадағы 11 адам мерт болған жарылысты "Біріккен ұлтшыл белуджилер армиясы" ұйымы өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG