Сейсенбіде Астанада жоғарғы сотта Жаңаөзен мен Шетпедегі 2011 жылғы 16-17 желтоқсандағы оқиғалар бойынша сотталғандардың шағымы қаралды деп хабарлайды сотталғандардың адвокаты Нұрлыбай Ізмағамбетов Азаттық тілшісіне.
Адвокаттың айтуына қарағанда, судья 7 жылға сотталған шетпелік Қажымұрат Әбезовтің айыбын 299 баптың 1-тармағынан сол баптың 2-тармағына ауыстырып, 4 жылға кеміткен. 5 жылға сотталған Ержан Мәмбетовтің мерзімі қысқартылып, рақымшылықпен босатылған. Ал Бақытжан Ғабиденовтің мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылған.
Шетпеліктерге қатысты сот үкімін 21 мамырда Маңғыстау облыстық соты шығарған еді. Сот үкімі бойынша бес адам жаза алып, алты адам рақымшылықпен босатылып, бір адам ақталған еді.