Accessibility links

Чехияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды


Президенттікке үміткерлер Милош Земан (сол жақта) мен Карел Шварценберг. Чехия.
Президенттікке үміткерлер Милош Земан (сол жақта) мен Карел Шварценберг. Чехия.
Чехиядағы президент сайлауының екі күнге созылатын екінші кезеңінде социал-демократиялық партияның жетекшісі, бұрынғы премьер-министр Милош Земан мен қазіргі сыртқы істер министрі, консервативтік партия жетекшісі Карел Шварценберг сынға түсіп жатыр.

11-12 қаңтарда өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде тоғыз үміткердің арасынан Земан мен Шварценберг ең көп даусын жинаған еді.

Чехияда бұған дейін президентті халық емес, парламенттің қос палатасы сайлап келген. Жалпыхалықтық сайлау бұл елде бірінші рет өтіп отыр.

Елдің қазіргі президенті, парламент бес жыл мерзіммен екі рет сайлаған 71 жастағы Вацлав Клаустың өкілеті осы сайлаудан соң аяқталады.
XS
SM
MD
LG