Accessibility links

Египетте 21 адам өлім жазасына кесілді


Порт-Саид қаласындағы стадион. 1 ақпан 2012 ж.
Порт-Саид қаласындағы стадион. 1 ақпан 2012 ж.
Бүгін Египет соты былтыр Порт-Саид қаласындағы стадионда футбол ойынынан соң болған тәртіпсіздіктерге қатысты айыпты деп таныған 21 адамды өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды.

Үкім шығысымен жазаға кесілгендердің туыстары Порт-Саид түрмесіне басып кіруге әрекет жасаған. Қақтығыстардан сегіз адам мерт болған, олардың екеуі - полиция офицерлері деп хабарланды.

Бұл іс бойынша айыпталған тағы 52 адамға қатысты сот үкімі наурыздың 9-да жария етілуі тиіс. Айыпкерлердің арасында полицияда қызмет істегендер де бар.

Былтыр ақпанның 1-інде Порт-Саидтың "әл-Масри" командасы Каирдің "әл-Ахли" клубының ойыншыларын жеңе салысымен стадионда екі жақтың жанкүйерлері арасында төбелес басталып кеткен болатын.

Осы оқиға салдарынан 74 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жараланған еді.
XS
SM
MD
LG