Accessibility links

Египеттің 3 қаласында төтенше жағдай жарияланды


Порт-Саид қаласында болған қақтығыстар. 26 қаңтар 2013 жыл.
Порт-Саид қаласында болған қақтығыстар. 26 қаңтар 2013 жыл.
Египет президенті Мұхаммед Мурси қақтығыстардан ондаған адам мерт болған Порт-Саид, Суэц және Исмаилия қалаларында 30 күнге созылатын төтенше жағдай жариялады.

Өткен сенбіде Каир соты бір жыл бұрын Порт-Саид қаласында футбол матчы кезінде фанаттар бүлігіне қатысқан 21 адамды өлім жазасына кескен соң, оған наразылар мен полиция арасында қақтығыс басталып, 33 демонстрант қаза тапқан еді. Жексенбіде оларды жерлеу кезінде де 4 адам оқ тиіп мерт болып, жүздеген адам жараланған. Дәрігерлердің дерегі бойынша, 400-ден астам адам көзден жас ағызатын газдан уланған.

Төтенше жағдай жарияланған қалаларда түнде коменданттық сағат енгізілген. Порт-Саид пен Суэц қалаларына әскери техника кіргізілген.

Теледидардан сөйлеген сөзінде Мұхаммед Мурси дүйсенбіден бастап соңғы уақыттардағы қақтығыстарды реттеу үшін "саяси топтармен" диалог жүргізуге уәде берді.
XS
SM
MD
LG