Қытай өзінде жасалған ауыр салмақты әскери ұшағын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады. Мемлекеттік телеарналар таратқан ақпаратқа қарағанда, Y-20 әскери ұшағы 66 тонна жүкті 4 мың 400 шақырымға алып ұша алады.
Қытай қазір ресейлік "Ил-76" жүк ұшағын пайдаланады. Бірақ Пекин әскери жүк ұшақтарын өзі жасап, қорғанысын нығайтқысы келеді.
Ал "Синьхуа" агенттігі бұдан өзге жексенбіде зымыраннан қорғаныс кешені де сынақтан сәтті өткенін хабарлады. Агенттік зымыранның "қорғаныс мақсатында ғана сыналғанын, өзге елдерге қарсы бағытталмағанын" айтып, басқа егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.
Қытай зымыраннан қорғаныс кешенін соңғы рет 2010 жылы сынаған.