Қазақстандағы халық танитын балалардың біразы кино мен телевизия арқылы, кейбірі ерекше дарынымен халықаралық жарыстарда көзге түскен. (Фотогалереяны толықтырғыңыз келсе, ұсынысыңызды бізге жолдаңыз). Алматы, 8 ақпан 2013 жыл.
Танымал балалар

1
Әлихан Байсұлтанов, 13 жаста. Республикалық «Айгөлек» байқауында 1-орын алған. Кейін осы ән байқауының жүргізушісі болды. «Базарбаевтар отбасы» сериялында басты рөлдердің бірінде ойнады.

2
Орынбек Молдахан, 13 жаста. «Шал» фильмінде баланың рөлін ойнады. «Бәйтерек», «Алдар көсе» фильмдеріне де түскен. (Сурет «Қазақфильмнің» ресми сайтынан алынды).

3
Жансая Әбдімәлік, 13 жаста. Шахматтан жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы. Алматы, 27 маусым 2012 жыл.

4
Жамбыл Дүйсенов, 9 жаста. Бірнеше жыр мүшайраларының жеңімпазы. Алматыдағы оқушылар сарайында және Астанадағы президенттік мәдениет орталығында жыр кешін өткізген.

5
Елжас Әлпиев, 9 жаста. «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президент Назарбаевтың бала кезін ойнаған. Түрлі жарнамалық билбордтар мен роликтерге түседі. (Сурет «Қазақфильмнің» ресми сайтынан алынды).

6
Ермек Балжігіт, 9 жаста. Рэп әншісі. Жеті жасында Алматы циркінде жеке концертін өткізді.

7
Еркеш Хасен, 14 жаста. Тележүргізуші. Республикалық «Айгөлек» байқауының жеңімпазы, ресейлік «Минута славы» жобасының финалисі.

8
Бибісара Асаубаева, 8 жаста. Шахматшы. 2011 жылы Польшада оқушылар арасында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. 2012 жылы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында сегіз жасқа дейінгі қыз балалар арасында жеңіске жетті.

9
Меруерт Қасымбек, 15 жаста. «Жаралы сезім», «Жетімдер» (басты роль), «Менің де атым Қожа» фильмдерінде ойнаған.