Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
4 – 8 ақпан 2013 жыл
8 ақпан 2013 жыл, 14:49
Өткен аптаның сурет баяны
1
Қаңтардың 6-сында Алматы әскери соты 14 шекарашы мен қорықшыны «өлтірді» деген айыппен өмір бойына сотталған Владислав Челахтың апелляциясын қарап, Талдықорған әскери сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Суретте: Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 11 желтоқсан 2012 жыл.
2
2012 жылғы мамырдың 30-ында Арқанкерген шекара заставасы толығымен өртеніп, 14 шекарашы мен бір қорықшы – барлығы 15 адамның мәйіті табылған. Көп ұзамай заставада тірі қалған жалғыз шекарашы – 19 жастағы Владислав Челах ұсталып, оның «серіктерін өлтіргенін мойындағаны» туралы хабарланды. Суретте: Владислав Челахтың апелляциялық сотына қатысушылар. Алматы, 5 ақпан 2013 жыл.
3
Ақпанның 7-сінде оппозициялық «Рипаблик» газетінің «бас оқырманы» Татьяна Трубачеваға (суретте) «сот шешімін орындамағаны үшін» 20 айлық есептік көрсеткіш (200 доллар) көлемінде айыппұл салынды. Өткен жылы оппозициялық «Голос Республики» газетіне тыйым салынған болатын. Сот 99 данамен шыққан «Рипаблик» газетін осы тыйым салынған басылымның жалғасы деп тапты.
4
"Рипаблик" газетінің журналистері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ғимаратының алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 7 ақпан 2013 жыл.
5
Тіркеуден өте алмаған ахмадилер қауымдастығы сот шешімі бойынша жабылды. Ендігі бұл қауымдастық мүшелеріне бірге жиналуға, бірге діни рәсім өткізуге тыйым салынған. Суретте: Ахмадилер діни рәсім өткізген үйдің қақпасы. Алматы, 19 маусым 2012 жыл.
6
«АрселорМиттал Темиртау» басшылығы «компанияның сатылатындығы» жөніндегі әңгімені жоққа шығарады. «Біз компанияны өзгертіп жатырмыз. Жұмыс күшін оптимизациялап жатырмыз. Бір жерде жұмысшыларды қысқартып жатсақ, бір жерде көбейтіп жатырмыз» деді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атқарушы директоры
Иво Хмелик
. Теміртау, 4 ақпан 2013 жыл.
4 – 8 ақпан 2013 жыл
Recommended
Қошмамбеттегі азаптау ісі: Қаңтарда полицейлер қырғыз, өзбек, қазақ азаматтарын қалай азаптағаны айтылды
Back to top
XS
SM
MD
LG