Accessibility links

"Валют-Транзит банктің" бұрынғы басшысы қайтыс болды


Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, "Валют-Транзит банктің" 10 жылға сотталған бұрынғы төрағасы Айтбақы Біләлов (Андрей Беляев) Қарағанды облыстық медицина орталығының реанимация бөлімінде қайтыс болған.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауына қарағанда, ол ауруханаға 10 ақпанда, Қарабас кентіндегі өзі жазасын өтеп жатқан жалпы режимдегі түзеу мекемесінен жеткізілген. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, ол "миокард талмасынан қайтыс болуы мүмкін".

Айтбақы Біләлов әуелі 2008 жылы "қаржылық қылмыс жасады" деген айыппен үш жарым жылға сотталған. Жаза мерзімі 2010 жылы тамызда аяқталғанымен, ол кезде жаңадан қылмыстық іс қозғалып, Айтбақы Біләлов қайтадан тұтқындалған. Ол 2011 жылдың жазында "қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды, банк қаржысын ұрлады" деген айыптар бойынша 10 жылға сотталған.
XS
SM
MD
LG