Accessibility links

Алматы облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды


Тікұшақ. (Көрнекі сурет).
Тікұшақ. (Көрнекі сурет).
Бүгін Zhersu Avia әуе компаниясының Bell 206L3 тікұшағы Алматы облысы Бақанас ауылы маңына апатты жағдайда қонды деп хабарлады көлік және коммуникациялар министрлігі.

Тікұшақ Боралдай-Көкөзек бағытында ұшып келе жатқан. Зардап шеккендер жоқ.

Тікұшақ қонған жерге министрліктің авиациялық төтенше оқиғаларды тергеу басқармасының мамандары аттанып кеткен.
XS
SM
MD
LG