Accessibility links

Иранда экс-министр президент сайлауына түспек


Иранның бұрынғы сыртқы істер министрі Манучехр Муттаки.
Иранның бұрынғы сыртқы істер министрі Манучехр Муттаки.
Иранның бұрынғы сыртқы істер министрі Манучехр Муттаки алда болатын президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. Мұны ол ирандықтарға жазған ашық хатында білдірді.

Иранда президент сайлауы 14 маусымға белгіленген.

Манучехр Муттаки сыртқы істер министрі болып 2005 жылдың тамызынан 2010 жылдың желтоқсанына дейін қызмет атқарған еді. Президент Махмұд Ахмединежад оны Сенегалда ресми сапарда жүрген кезінде аяқ астынан қызметінен алып тастаған.

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи мен Тегеран мэрі Мохаммад Бакер Калибафқа жақын дерек көздері де екі саясаткердің президент сайлауына түспек ниеттері барын білдірген.
XS
SM
MD
LG