Әлемдегі және Азаттық радиосы тарайтын елдердің өміріндегі ерекше сәттерді бейнелейтін фотосуреттер галереясын көріңіздер. (Фотогалереяны дайындаған - Руслан Меделбек).
Бүгінгі фото

26
Женевадағы Адам құқықтары ұйымының (United Nations Human Rights) 22-сессиясының ашылуынан көрініс. (AFP/Fabrice Coffrini)

27
Газа секторындағы Кхан Юнис қаласында жарылғыш заттарды залалсыздандыру жұмысы. (AFP/Said Khatib)

28
АҚШ президенті Барак Обаманың жұбайы Мишель Обама Ақ үйден тікелей эфирге шығып, жылдың ең үздік фильмін жариялап тұр. Сыйлық "Арго" фильміне бұйырды. (AFP/The White House/Pete Souza)

29
Актриса Дженнифер Лоуренс Голливуд академиясы кино байқауында "Silver Linings Playbook" фильміндегі рөлі үшін "Ең үздік актриса сыйлығын" алды. Ол өзіне тиесілі сыйлықты алуға бара жатқанда баспалдаққа сүрініп жығылып қалды. (Reuters / Mario Anzuoni)