Accessibility links

БАҚ туралы жиынға кейбір журналистер кіргізілмеді


Алматы қаласында бірқатар ақпарат құралдарының жабылуы мен қызметін тоқтату туралы судьялар мен сот төрағалары өткізіп жатқан брифингке "Панорама", "Жас Алаш" газеттерінің және Гүлжан Ерғалиева басқаратын Nuradam.kz сайтының журналистерін кіргізбей қойды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Алматы қалалық сотында түстен кейін Алматы қалалық соты кассациялық алқасының судьясы Шолпан Құрманбекова, судья Гүлмира Бейсенова, Бостандық және Медеу аудандық соттарының төрағалары бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарының жабылуына қатысты жиын өткізіп жатыр.

Брифинг "Взгляд" газеті, "К-плюс" телеарнасы мен оларды қайталайтын интернет ресурстары, "Голос республики" басылымы мен басқа да бірқатар оппозициялық басылымдардың жабылуына арналған. Жиында Guljan.org сайты қызметінің 3 айға тоқтатылғаны жайлы да айтылады делінген баспасөз хабарында.
XS
SM
MD
LG