Accessibility links

"Голос республики" басшысы туысына үкім шықты


Асқар Молдашев. Алматы, 18 ақпан 2013 жыл.
Асқар Молдашев. Алматы, 18 ақпан 2013 жыл.
Бүгін Алматының Бостандық ауданында сот шешімімен жабылған оппозициялық "Голос республики" газетін шығаратын Данияр Молдашевтың ағасы Асқар Молдашевқа қатысты сот үкімі шықты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, судья Елена Кван Асқар Молдашевты "заңсыз ірі көлемде психотроптық заттарды сақтады" деп айыптап, 4 жылға шартты түрде соттауға, оның 3 жылын сынақ мерзімі етуге үкім шығарған.

Асқар Молдашев 2012 жылдың 31 қазанында тұтқындалған еді. Әуелде оны жоғарыдағы айыптың ауыр тармақтары бойынша айыптап, іс Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына алқа билер қарауына жіберілген. Бірақ ол сот Асқар Молдашевтың ісін тергеуге жіберген. Тергеуге дейінгі процесте оған тағылған айып аздап өзгерген.

Асқар Молдашев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Ал оның адвокаты Инессе Киселева үкіммен келіспейді. Ол үкімге шағым жасауды қарастыратындарын айтады.
XS
SM
MD
LG