Accessibility links

Енді Қытай кибер-шабуыл құрбаны болғанын айтты


Пекиндегі Google штаб-пәтерінің алдында тұрған Қытай туы. 14 қаңтар, 2010 жыл
Пекиндегі Google штаб-пәтерінің алдында тұрған Қытай туы. 14 қаңтар, 2010 жыл

Бейсенбі күні Қытай өзіне хакерлік шабуылдар жасалғанын айтып, "оның ізі АҚШ-қа апарады" деп мәлімдеді.

The Guardian басылымының жазуынша, Пекин 2012 жылы 1,7 миллион хакерлік шабуылды бастан кешіргенін, оның үштен екісі АҚШ-тан келгенін мәлімдеген.

Бұл туралы Қытайдың қорғаныс министрлігі бейсенбі күні ай сайынғы баспасөз мәслихатында айтқан. Бұл жиынға шетелдің ақпарат құралдары өкілдері қатыстырылмаған.

Басылымның жазуынша, өткен жылы Қытайдағы екі әскери сайтқа айына 144 мың кибер шабуыл жасалған.

«Қорғаныс министрлігі және Қытайдың әскери сайттары ашылғаннан бері шабуылдарға ұшырап, қауіп-қатерлерге кезігіп келеді. Соңғы жылдары мұндай шабуылдар тұрақты түрде өсіп отыр» деді Қытай қорғаныс министрлігінің өкілі Чен Яншенг (Geng Yansheng).

Оның айтуынша, ІР-адрестерге қарап, шабуылдардың 62,9 пайызы АҚШ-тан келгені анықталған.

Яншенг АҚШ-тың кибер-соғыс амалдарын күшейту туралы жақында мәлімдеген жоспарын ескеретінін, бірақ оның хакерлік шабуылдармен халықаралық дәрежеде күресуде пайдасыз екенін айтқан.

«Біз АҚШ тарапының мұны түсіндіріп, анықтайтынына үміт етеміз» дейді Яншенг.

ҚЫТАЙ ЕЛШІСІНІҢ УӘЖІ

Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Лю Сяомин (Liu Xiaoming) ақпанның 28-і күні британдық Daily Telegraph басқан мақаласында "Қытайда кибер шабуылдар қатаң жазаланатынын", ол ел де "кез-келген ел сияқты хакерлік шабуылдардың құрбаны" болып отырғанын жазады.

Шабуылдардың Қытайдан келіп отырғаны жөніндегі баяндаманың коммерциялық ұйым Mandiant-ға тегін жарнама болатынын айтқан елші:

- Қытай заңнамасы интернетке зиянын тигізетін хакерлік және басқа да әрекеттерге тыйым салады. Қытай үкіметі кибер-қылмыстармен тегеурінде түрде
Интернет-кафені тексеріп жүрген полицей. Қытай, 17 маусым 2002 жыл. (Көрнекі сурет)
Интернет-кафені тексеріп жүрген полицей. Қытай, 17 маусым 2002 жыл. (Көрнекі сурет)
күресіп келеді. Қытай әскерилері ешқашан хакерлік әрекеттерді қолдаған емес. Көпке жария болған Mandiant баяндамасында Қытай үкіметінің кибер шабуылдарға төтеп беруді қолдайтыны аз қамтылған, - дейді.

Лю Сяомин кибер-шабуылдардың табиғатынан "анонимді, трансұлттық, сағымдай өзгермелі" болғандықтан кейбір Батыс басылымдарының оған күмәнмен қарағанын да айта кетеді.

- Қытай - кибер-шабуылдардың құрбаны. Ол бұл мәселенің өте күрделі екенін сезгендіктен ешқашан басқа елді айыптамайды. 2011 жылы Қытайдың компьютерлік төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық техникалық командасының статистикасы АҚШ, Жапония, Корея және тағы басқа елдерде жасалған 47 мың ІР-адрес Қытайдағы хост-компьютерлерді (деректерді сақтайтын орталық компьютер - ред.) басқаруға арналған трояндық бағдарламалар ретінде қолданылғанын көрсетті. Шабуылдардың басым бөлігі АҚШ-тан жасалғандай көрінді. Бірақ Қытай кез-келген шетелдік мемлекеттік орган немесе жеке тұлғаны айыптауда аса сақтық танытты, - дейді Лю Сяомин.

"БІР-БІРІН АЙЫПТАҒАНША КҮШ БІРІКТІРСІН"

Өткен аптада АҚШ-тағы компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі Mandiant компаниясы хакерлік шабуылдардың Қытайдан келіп жатқаны туралы баяндама жариялаған еді.

Онда "Қытайдағы халықты азат ету армиясы мен хакерлерінің бір-бірімен
Дипломатиялық және мемлекеттік институттарға қарсы жасалған кибер-тыңшылықтар картасы. 14 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Дипломатиялық және мемлекеттік институттарға қарсы жасалған кибер-тыңшылықтар картасы. 14 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
байланысы бар" деп жазылған.

Компания "америкалық корпорациялар, ұйымдар және үкіметке үдеген (хакерлік) шабуылдар Халықты азат ету армиясының штаб-пәтері орналасқан маңда, Шанхайдағы 12 қабатты ғимараттағы Unit 61398 есігі төңірегінде болып жатқанын" баяндаған.

Жыл басынан бері АҚШ-тағы ең ірі компаниялар, басылымдар алма кезек хакерлік шабуылдарға ұшырап келеді. Олардың арасында The New York Times, The Wall Street Journal басылымдары, Twitter микроблог сервисі, Apple компаниясы, Facebook, т.б бар.

Хакерлік шабуылдарға қатысты АҚШ пен Қытай арасында туындаған "жарыссөзге" бүкіл әлем көз тігіп отыр. Кейбір сарапшылар бұл екі ел "кибер-қылмыс жасады" деп бір-бірін айыптағанша күш біріктіріп күрессе әлдеқайда тиімді болатынын айтады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG