Accessibility links

Әл-Хатиб Сирияның "азат етілген аймақтарына" барды


Сирия ұлттық оппозициялық күштері коалициясының жетекшісі Муаз әл-Хатиб. Каир, 25 ақпан 2013 жыл.
Сирия ұлттық оппозициялық күштері коалициясының жетекшісі Муаз әл-Хатиб. Каир, 25 ақпан 2013 жыл.
Сирия оппозициялық коалициясының жетекшісі, шетелде жүрген Муаз әл-Хатиб Сирияның көтерілісшілер бақылауына алған солтүстік аймағына барып қайтты.

Муаз әл-Хатиб 3 наурызда Сирияның солтүстігіндегі Түркиямен шекаралас аумағынан кіріп, Жараблус және Манбиж қалаларына барды.

Сирияға кірмес бұрын әл-Хатиб Түркияның Ғазиантеп қаласында Алеппо провинциясының басшысын сайлау үшін 220 дала командирі мен оппозиция өкілдерінің басын қосқан жиынға қатысқан еді.

Қазір Алеппо мен Хомс қалаларында үкімет күштері мен көтерілісшілер арасында әлі де соғыс жүріп жатыр. Көтерілісшілер Алеппо маңында бірнеше күнгі ұрыс нәтижесінде көп шығын шексе де, полиция академиясын басып алып, 150 үкімет сарбазының көзін жойғанын хабарлады.

БҰҰ дерегі бойынша, 2011 жылдың наурызынан бері елде халық толқулары мен қарулы қақтығыстардан 70 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG