Accessibility links

ЕО Украинаға ескерту жасады


ЕО-ның кеңею және ынтымақтастық жөніндегі комиссары Штефан Фюле.
ЕО-ның кеңею және ынтымақтастық жөніндегі комиссары Штефан Фюле.
Еуропа Одағының кеңею және ынтымақтастық жөніндегі комиссары Штефан Фюле Киевті Украинадағы соңғы жағдайлар ЕО-мен еркін сауда және терең қарым-қантынас жасау туралы келісім-шарттарға қол қоюды кешеуілдетіп жіберуі мүмкін деп ескертті.

Штефан Фюле Еуропа парламентінде ресми Киев өткен Украина-ЕО саммитінде демократияны дамыту мен кейбір заңнамаларды жетілдіруге дайын екендігін білдіргенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Украинадағы соңғы оқиғалар бұл уәдеге қайшы. Штефан Фюле бұған Киевтің таяуда сотталған оппозиция жетекшісі Юлия Тимошенконың адвокатын парламенттегі депутаттық орнынан айырғанын мысалға келтірді.

Киев қарашада Литвада өтетін Шығыс ынтымақтастығы саммитінде ЕО-мен жоғарыда аталған келісімдерге қол қойылады деген үмітте.
XS
SM
MD
LG