Accessibility links

Бағдадта үкімет үйіне шабуыл жасалды


Жарылыстар болған үкімет ғимараттары маңы. Бағдад, 14 наурыз 2013 жыл.
Жарылыстар болған үкімет ғимараттары маңы. Бағдад, 14 наурыз 2013 жыл.
Бағдадтың орталығындағы үкімет үйінде бейсенбіде бірнеше жарылыс болып, салдарынан 23 адам қаза тапты. Ондаған адам жараланды.

Ресми орындардың хабарлауынша, әділет министрлігі мен басқа да үкіметтік ғимараттардың жанында екі көлікке жасырылған бомба жарылған. Тағы бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Бұдан соң бір топ қарулы адам әділет министрлігін басып алуға ұмтылып, қауіпсіздік күштерімен атысқан.

Жарылыстар мен шабуыл жасалған кезде үкімет үйінде жүздеген адам болған. Жарылыстан министрліктің ешқандай қызметкері зардап шекпеген.

Жарылыстар мен шабуылды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG