Accessibility links

"Қазақмыс" кәсіпорны зауытында жұмысшы мерт болды


"Қазақмыс" компаниясының зауыты. (Көрнекі сурет).
"Қазақмыс" компаниясының зауыты. (Көрнекі сурет).
Балқаштағы "Қазақмыс" компаниясына қарайтын "Қазақмыс Смелтинг" кәсіпорнының зауытында бүгін бір жұмысшы жоғарыдан құлап, мерт болды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, оқиға бүгін шамамен түскі сағат 10-да кәсіпорынның мыс қорыту зауытында болған.

Қазір оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.
XS
SM
MD
LG