Accessibility links

Березовскийге қатысты тергеу 28 наурызда басталады


Борис Березовский.
Борис Березовский.
Ұлыбритания полициясы Ресей олигархы Борис Березовскийдің өліміне қатысты қылмыстық тергеу ісі наурыздың 28-інде ашылатынын хабарлады.

Тергеуде алдымен Березовский өліміне қатысты айғақтар мен дәлелдер бойынша тыңдау өткізілмек. Ал тергеу қорытындысы бойынша толық тыңдау кейінге қалдырылады деген болжам бар.

Ресей президенті Владимир Путинді сынаушылардың бірі, 67 жастағы Борис Березовскийдің өлі денесі 23 наурызда Лондон түбіндегі үйінен табылған еді. Ұлыбритания полициясы Березовскийдің мәйітін тексергеннен кейін марқұмның асылып өлгенін мәлімдеген. Бірақ оның жай-жапсары айтылмаған.

Березовскийдің мәйітіне енді тағы бірнеше сараптама жасалуы тиіс. Оның қорытындысы бірнеше аптада белгілі болады.

Борис Березовский Ресейде 1990 жылдардың басында бизнес жасап, саясатқа араласты. Ол 2000 жылдары билікке келген президент Владимир Путиннің саясатымен келіспей, шетелге кетіп қалған.
XS
SM
MD
LG