Пхеньян 2007 жылы тоқтап қалған Йонбендегі ядролық реакторын қайта іске қосатынын мәлімдеді. Мемлекеттік KCNA агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян уран байытатын зауыты бар барлық ядролық кешенді қайта салып, жұмысын қайта бастамақ ниетте.
Йонбен зауытындағы реактор Солтүстік Корея 2006 және 2009 жылдары сынаған екі ядролық қаруға қажетті плутонийді өндірген еді.
Реактор 2007 жылы Солтүстік Корея халықаралық қауымдастықтан 50 мың тонна мазут алатын келісім жасасқан соң жартылай бұзылған.
Ал бүгін Солтүстік Корея ақпарат құралдары президент Ким Чен Ынның "ядролық бағдарлама ел экономикасының өсуіне оң әсер етіп тұр" деген сөзін хабарлап жатыр.
Корей түбегіндегі жағдай осы маңда Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен әскери жаттығу өткізген соң шиеленісіп кеткен еді.