Accessibility links

Пхеньян Кэсон бірлескен аймағына кіруге тыйым салды


Кэсон индустриялық аймағына кіре алмай тұрған оңтүстік кореялық жүк көліктері. Солтүстік Корея, 3 сәуір 2013 жыл.
Кэсон индустриялық аймағына кіре алмай тұрған оңтүстік кореялық жүк көліктері. Солтүстік Корея, 3 сәуір 2013 жыл.
Оңтүстік Корея билігі "Солтүстік Корея бірлескен Кэсон индустриялық аймағына оңтүстік кореялық жұмысшыларды кіргізбей қойды" деп хабарлады. Кэсон Солтүстік Корея территориясында орналасқан.

Оңтүстік Корея бірігу министрлігінің хабарлауынша, жұмысшылардың елдеріне қайтуына рұқсат етілген, бірақ индустриялық аймаққа кіруге тыйым салынады. Министрлік өкілі Пхеньянның бұл шешімін "өкінішті" деп бағалап, Сеул дәл қазір Кэсондағы 850 азаматының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойластырып жатқанын айтты.

Корей түбегіндегі әскери-саяси ахуал соңғы апталарда шиеленісіп кеткен еді. Оған Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың аймақта бірлескен әскери жаттығу өткізуі себеп болған.
XS
SM
MD
LG