АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымы - Ұлттық демократиялық институты (National Democratic Institute - NDI) Әзербайжанның кейбір бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) өздері жайлы "жалған ақпарат жариялады" деп айыптады.
NDI Әзербайжандық БАҚ-та жарияланған, ұйымның осы ел аумағындағы қызметі жайлы кейбір хабарларды "негізсіз, қолдан жасалған және арам пиғылды көздейді" деп мәлімдеді. Ұйым президенті Кеннет Воллак "жалған нәрсені қайталап айта беру оны шындыққа айналдырмайтынын" айтқан.
Әзербайжанның ақпарат құралдарында соңғы кездері NDI ұйымын "елдің ішкі ісіне араласады, шетел ұйымдары туралы заңдарды бұзады және қаржылық қызметін жасырын жүргізеді" деген сарындағы айыптау материалдары жиі жарияланып жүр.
NDI "елдегі азаматтық және демократиялық институттарға, жастар ұйымдарына көмектесіп, Әзербайжан үкіметімен бірлесе жұмыс істеп келе жатқанын" айтады.
Ұйым Әзербайжанда 1995 жылдан бері заңды түрде жұмыс істеп келеді.