Accessibility links

Қазақстан келесі Иран келіссөзін өткізуге қарсы емес


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон (сол жақта) және Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы хатшысы Саид Жалили. Алматы, 5 сәуір 2013 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон (сол жақта) және Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы хатшысы Саид Жалили. Алматы, 5 сәуір 2013 жыл.
"Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты кезекті келіссөздерді де өзінде өткізу жағын қарастырады" деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

"Егер келіссөзге қатысушы елдер келесі келіссөзді тағы да Алматыда өткізейік десе, Қазақстан ол жағын ойластырып көреді. Келіссөз - ұзақ уақыт жүретін процесс. Тараптар келіссөздерді қай жерде өткізу туралы біраз уақыт келісе алмай жүрді. Алматыға тоқтағанының өзі келіссөздерде белгілі бір нәтижеге қол жеткенін көрсетеді" деді ол жұма күні.

Бүгін Алматыда Иранға қатысты кезекті келіссөздер басталған. Оған АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG