Accessibility links

Отунбаева: Бакиевтің елден кетуіне өзім рұқсат еттім


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев баспасөз мәслихатында. Минск, 23 маусым 2010 жыл.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев баспасөз мәслихатында. Минск, 23 маусым 2010 жыл.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева 2010 жылы сәуірде биліктен кетірілген экс-президент Құрманбек Бакиевтің елді тастап шығуына өзі рұқсат еткенін мәлімдеді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Жұма күні Бішкекте семинарда сөйлеген Роза Отунбаева АҚШ, Ресей және Қазақстан президенттерінің кеңесімен "елде азамат соғысының алдын алу үшін" Бакиевті елден шығарып жіберу туралы шешім қабылдағанын, ол шешіміне жауап бере алатынын айтты.

Роза Отунбаева 2010 жылдың сәуірінен 2011 жылдың желтоқсанына дейін уақытша президент қызметін атқарған.

Бакиев 2010 жылдың сәуірінде елдегі үкіметке қарсы наразылықтар нәтижесінде биліктен кеткен еді. Ол содан бері Беларусьте тұрып жатыр.

Ақпанда Бішкек соты Құрманбек Бакиевті сырттай 24 жылға, ал бауыры Жаныш Бакиевті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Оларға "2009 жылы тапсырыспен кісі өлтіртті" деген айып тағылған.

Қырғызстан Беларусьтен Бакиевті экстрадициялауды бірнеше рет сұрады. Бірақ ресми Минск одан бас тартып келеді.
XS
SM
MD
LG