Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинді үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) елде қызмет етуіне мүмкіндік жасауға шақырды.
Жексенбіде Германияның Ганновер қаласында өнеркәсіп көрмесінде сөйлеген Меркель Ресейге экономикалық тұрғыда даму үшін белсенді азаматтық қоғам қажет екенін айтты. Оның пікірінше, экономиканы дамыту үшін Ресей инновациялық технологияларды енгізіп, ҮЕҰ қызметінің жандануына көмектесуі керек.
Ресейде наурыздың ортасынан бастап құқық қорғау, салық органдары мен прокуратура үкіметтік емес ұйымдардың тіркеу құжаттары мен қаржы операцияларын тексере бастаған еді. Бірқатар Батыс елдері Мәскеудің бұл әрекетін сынаған.
Жексенбіде неміс телеарнасына берген сұхбатында Владимир Путин "Ресей шетелдік ұйымдардың не мақсатпен қаржыландырылатынын білуге хақы бар" деді.