Accessibility links

"Жиһадқа үндеген" қазақстандық сотталды


Сәуірдің 10-ы күні Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Еркеш Мәукен айыпталушы Диас Кушугуловты бес жылға соттады. Бұл туралы соттан твит-трансляция жасаған жергілікті "Новости-Караганда" сайты хабарлады.

26 жастағы Диас Кушугуловқа Қазақстан қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айып тағылған: "терроризм немесе экстремизмді насихаттау", "әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздық тудыру", "заңсыз суық қару ұстау", "қару және оқ-дәріні алу және сақтау".

Сотта оның "2011 жылы Ресейдің Кавказ аймағында әрекет еткен радикалды ағымның өкілі болғаны, Қазақстанға келгеннен кейін айналасындағы адамдарды қарулы жиһадқа үндегені" айтылды.

Диас Кушугулов сотта өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сот оған жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG