Accessibility links

АҚШ "Магнитский тізімін" жарияламақ


Ресейлік заңгер Сергей Магнитский.
Ресейлік заңгер Сергей Магнитский.
АҚШ бүгін Магнитский актісі бойынша "адам құқықтарын бұзғаны үшін" санкция салынатын ресейлік шенеуніктердің тізімін жарияламақ. Тізімге ілінген шенеуніктерге қаржылық санкциялар салынып, виза беруге шектеу қойылады.

Ресей заңгері Сергей Магнитский 2008 жылы "230 милилон АҚШ доллары көлеміндегі салықтан жалтарды" деген айыппен тұтқындалған еді. Ол абақтыдағы тергеулерден соң, 2009 жылы қайтыс болған.

АҚШ заңгердің өлімін әділ тергеуді талап етіп, Магнитский актісін қабылдаған.

Бүгін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "тізім Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасына кері әсер" етеді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG