Accessibility links

Кипр шетелдіктерге азаматтық алуды жеңілдетпек


Кипр президенті Никос Анастасиадис. Никосия, Кипр, 29 наурыз 2013 жыл.
Кипр президенті Никос Анастасиадис. Никосия, Кипр, 29 наурыз 2013 жыл.
Кипр президенті Никос Анастасиадис депозиттен алынатын салықтың көбеюі себебінен шығынға ұшыраған шетелдіктерге Кипр азаматтығын беру рәсімін жеңілдететінін мәлімдеді.

Ресей бизнесмендерімен кездескен Анастасиадис үкімет азаматтық беру мәселесін жеңілдетуді осы аптада мақұлдайтынын айтты. Оның сөзінше, реформалар салдарынан Кипр банкіндегі депозиттерінен кемінде 3 миллион еуро жоғалтқан шетелдіктерге азаматтық алуда жеңілдіктер беріледі.

Халықаралық валюта қоры мен Еуропа Одағы Кипрге қаржы дағдарысынан шығу үшін 10 миллиард еуро беретін болған. Бірақ ол үшін Кипр елдегі ең ірі екі банктің бірін жауып, екінші банктегі депозиттік салымдардың салығын 40 пайызға дейін қымбаттатуға мәжбүр болды.

Никос Анастасиадис бұған қоса Кипрді "Ресей сияқты елдердің жымқырған қаржыларын жасыратын орталығына айналды" деп айыптаған мемлекеттерді "екіжүзділер" деп атады. Оның айтуынша, аталған елдер қазір Кипрді "экономикалық серіктерінен айыруға" ұмтылып отыр.
XS
SM
MD
LG