Accessibility links

Венесуэлада президент сайлауының нәтижесі шықты


Венесуэла президенттігінен үміткер Николас Мадуро (ортада) сайлау қорытындысынан соң жақтастарымен кездесуде. Каракас, 15 сәуір 2013 жыл.
Венесуэла президенттігінен үміткер Николас Мадуро (ортада) сайлау қорытындысынан соң жақтастарымен кездесуде. Каракас, 15 сәуір 2013 жыл.
Венесуэла сайлау комиссиясы таратқан ақпаратқа қарағанда, жексенбіде өткен сайлауда уақытша президент Николас Мадуро сайлаушылардың 50,8 пайыз дауысын жинап, алға шыққан. Ал оның қарсыласы, оппозицияшыл Энрике Каприлес 49,1 пайыз дауыс алған.

Сайлау қорытындысы шыққан соң жақтастары алдында сөйлеген Мадуро "өзінің жеңіске жеткеніне күмән тудырмайтын" сайлау нәтижесімен келісетінін мәлімдеді. Бірақ оның қарсыласы Каприлес "берілген әрбір дауыс қайта саналмайынша сайлау нәтижесін мойындамайтынын" хабарлады.

Мадуро сайлауалды кампаниясында экс-президент Уго Чавестің мемлекет экономиканы бақылауға алатын "21-ғасыр социализмін" орнататынын айтқан.

Ал Каприлес "Уго Чавес билігі Венесуэланы дағдарысқа ұшыратты" деп мәлімдеген.

Венесуэланың экс-президенті Уго Чавес наурыздың басында қатерлі ісіктен қайтыс болған еді.
XS
SM
MD
LG