Accessibility links

Иранда қатты жер сілкінді


Иранда жер сілкінген аймақ. 16 сәуір 2013 жыл
Иранда жер сілкінген аймақ. 16 сәуір 2013 жыл
Иран мен АҚШ өкілдері Иранның оңтүстік-шығысындағы Пәкістанмен шекараласатын аймағында зор зілзала болғанын хабарлады.

Иранның сейсмологиялық орталығы жер сілкінісі қуатының 7.5 балға жеткенін мәлім етті. АҚШ геология қызметі зілзала күші 7.8 балға жеткен деп санайды.

Дүмпу Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия аймағындағы кейбір елдерде, тіпті Үндістан астанасы Делиде сезілген.

Зілзаланың кіндігі Иранның Хаш қаласынан 86 шақырым жерде екені анықталды.

Иран сейсмикалық тұрақсыз аймақта орналасқан ел. Бір апта бұрын осы елде болған 6.3 балдық жер сілкінісі кезінде жергілікті ресми БАҚ ондаған адам өліп, 850 адам жараланғаны туралы хабарлаған еді.

Жергілікті уәлаят басшысы Бушер АЭС-інің зардап шекпегені туралы мәлімдеме жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG