Accessibility links

Беларусь КГБ-сы сотқа берген фотолар

Беларусь КГБ-сы үш фотографқа - Юлия Дорошкевич, Александр Васюкович және Вадим Замировскийге "экстремистік фотолардың көрмесін ұйымдастырып, альбомын шығарды" деген айып тағып, сотқа берді.

Фотографтар Литвадан әкеле жатқан "Belarus Press Photo 2011" фотоальбомының 41 данасын КГБ 2012 жылы 12 қарашада «Каменный лог» шекара бекетінде тәркілеген. Арнайы тағайындалған сарапшылар да альбомның "экстремистік екенін растаған".

Фотоларға байланысты үкім 18 сәуір күні Ошмяны қаласының (Гродно облысы) сотында шықты. Судья фотоальбомды өртеуге, ал суретшілерге 200 мың рубль айып төлеуге үкім етті. 18 сәуір 2013 жыл.

XS
SM
MD
LG