БТА банкі директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Ерлан Тәтішев "қаржы жымқырды" деген күдікпен ұсталды деп хабарлады 18 сәуірде өткен брифингте экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) өкілі Мұрат Жұманбай.
Ерлан Тәтішев - БТА банктің бұрынғы басқарма төрағасы, 2004 жылы желтоқсанда "аң аулап жүріп қаза тапқан" Ержан Тәтішевтің бауыры.
"Жедел тергеу тобы тексеру кезінде Ерлан Тәтішевтің қаржы жымқыру ісіне қатысы бар деп тапты. 2013 жылдың 16 сәуірінде Тәтішев тұтқындалып, Алматы қаласында уақытша қамау изоляторына жабылды" деді Жұманбай.
Ол бұған қоса бас прокуратура БТА банкінде қаржы жымқырылуына байланысты қылмыстық істі 2012 жылдың желтоқсанында қаржы полициясына ары қарай тергеуге жібергенін де хабарлады.
Ерлан Тәтішев 2005 жылдың маусымында БТА банкі директорлар кеңесіне мүше болып, 2010 жылдың тамызында мүшеліктен шығып кеткен. Бұл лауазымына дейін ол банк саласында түрлі басшылық қызметтер атқарған.