Accessibility links

Хакерлер Обама туралы жалған ақпарат таратты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Хакерлер Associated Press агенттігінің Twitter-дегі аккаунтын бұзып кіріп, Ақ үйде жарылыс болғаны және оның салдарынан Барак Обаманың жараланғаны туралы жалған ақпарат жариялады. Агенттік осыдан соң бірнеше минут бойы хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлап, аккаунтын жауып тастады. Қазір аккаунтты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Ақ үй өкілі Джей Карней журналистерге Барак Обаманың хал-жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Обаманың жараланғаны туралы жалған ақпарат тарай сала қор нарықтарында акция бағалары бір сәтке арзандап кетті.

Агенттіктің аккаунтын бұзу оқиғасын өзін "Сирияның электронды армиясы" деп атаған топ мойнына алды.
XS
SM
MD
LG