Accessibility links

Қазақстан халықтары ассамблеясының сессиясы ашылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.
Астанада бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының 20-сессиясы басталды. Сессия жұмысына ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етіп отыр. Сессия тақырыбы "2050 стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр" деп аталады.

"Ассамблея енді жалпы азаматтық, саясаттан жоғары тұратын, жалпы халықтық институт болуы тиіс" деді Назарбаев сессияның ашылуында сөйлеген сөзінде.

Сессия кезінде ассамблея 18 жылғы жұмысының қорытындысын жасайды.

Сессияға ассамблея, парламент, үкімет, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссиялар, ғылыми және шығармашылық сала өкілдері қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG