Accessibility links

Ташкентте қазақстандық бапкердің жансыз денесі табылды


Ташкентте Алматы қаласы ауыр атлетика құрамасының аға бапкері Данияр Өтешовтің денесі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз хатшысы Ғалым Сүлеймен телефон арқылы хабарлады.

- 28 сәуірде ауыр атлетикадан Алматы құрамасының аға жаттықтырушысы Данияр Өтешевтің денесі Ташкенттегі қонақ үйлердің бірінің бөлмесінде табылды. Бізге жеткен хабарлар бойынша, ол өзіне қол салған. Бірақ бұл ақпарат әлі де тексеріледі. Бапкердің мәйітін бөлмесінен спортшылар тауып алған. Қазір Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі мен құқық қорғаушылар тексеріс жүргізіп жатыр. Қосымша ақпараттарды алдағы уақытта хабарлаймыз, - деді федерация өкілі.

Жаттықтырушы 22 сәуірде он спортшымен Ташкентке екі апталық оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін кеткен. Бұған қоса, дипломаттар қазіргі уақытта Ташкент қаласының прокуратурасының тергеу тобы және сот-медициналық сарапшылар тобы жұмыс істеп жатқандығын мәлім етті.
XS
SM
MD
LG