Accessibility links

Қадырбаев пен Тажаяков сотқа тартылды


Джохар Царнаевпен (оң жақта) бірге суретке түскен қазақ студенттер. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).
Джохар Царнаевпен (оң жақта) бірге суретке түскен қазақ студенттер. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).
Бостондағы жарылысқа қатысты күдікті Джохар Царнаевтың әрекетін жасырмақ болды деп айыпталған үш адам - 19 жастағы қазақстандықтар Азамат Тажаяков, Диас Қадырбаев және америкалық Робел Филлипос 1 мамырда бірінші рет сотқа тартылды.

Бостонда Царнаевпен бірге оқитын қазақстандық студенттер Тажаяков пен Қадырбаевқа "тергеу ісін шатастырмақ болды" деген айып тағылған. Оларға қатысты келесі сот отырысы 14 мамырда өтеді.

Ал Робел Филлипосқа "тергеушілерге жалған мәлімет берді" деген айып тағылып отыр. Оған қатысты келесі сот тыңдауы 6 мамырда өтпек.

Қазақстандық студенттердің адвокатының айтуынша, олардың жарылысқа қатысы болмаған. Қадырбаев пен Тажаяков күдікті Джохар Царнаевтың ізіне полиция түскенін ести сала, одан SMS хабарлама алған соң жатақханадағы (Дартмуттағы Массачусес университет) бөлмесіне барып, сезіктінің оқ-дәрі құтысы салынған рюкзагын жоймақ болды деп айыпталады.

Тергеушілердің айтуынша, Қадырбаев "бомба жасауға қатысы бар болуы мүмкін" деген қауіппен Царнаевтың бөлмесіндегі вазелин салынған құтыны да ала кетіп, қоқыс салатын ыдысқа тастаған. Кейінірек полиция рюкзакты қоқыстан тапты.

Қазақстандық азаматтардың тергеуде берген жауабына қарағанда, олар Царнаевтің жарылысқа күдікті екенін жаңалықтардан естіген.

Сот құжаттарына қарағанда, Джохар Царнаев жарылыстан бір айдай бұрын екі қазаққа бомбаны қалай жасау керегін білетінін айтқан.

Бұған дейін екі қазақ студенті "виза тәртібін бұзды" деген себеппен қамауда отырған еді.

Егер тағылған айыптарды сот дұрыс деп тапса, Қадырбаев пен Тажаяков 5 жылға сотталып, 250 мың доллар айып төлеулері мүмкін. Ал Филлипосқа 8 жылға дейінгі жаза кесілуі мүмкін.

Күдіктілер келесі сот отырысына дейін қамауда болады.
XS
SM
MD
LG